Рүстем Нұркенов Абай облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.
Музыкалық білімін Аягөз қаласындағы музыка мектебінде (Н. Нашанова сыныбы) бастап, кейін Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжде (Г. Каримова сыныбы) жалғастырды. Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра мамандығы бойынша бакалавриатты (Е. Басығараев сыныбы) аяқтап, осы оқу орнында этномузыкатану бағыты бойынша магистратурада (ғылыми жетекші Р. Нұртаза) білім алды. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты.
Дәстүрлі күйшілік жолында ол Арқа шертпе күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілі Таласбек Әсемқұловтан тәлім алып, осы дәстүрді жалғастырушылардың бірі ретінде қалыптасты. Сонымен қатар үш ішекті домбырада күй тарту дәстүрін Жарқын Шәкәрімнен үйренді.
Білім жолы
2004–2008 — Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледж, Семей қаласы.
2008–2012 — Қазақ ұлттық өнер университеті, бакалавриат, домбыра мамандығы.
2012–2014 — Қазақ ұлттық өнер университеті, магистратура, этномузыкатану.
2024–2027 — Қазақ ұлттық өнер университеті, докторантура.
Еңбек жолы
2006–2008 — Семей қаласындағы филармония, оркестр әртісі.
2010–2012 — Астана қаласындағы филармония, оркестр әртісі.
2011–2014 — шеф редактор sal-seri.kz
2012–2014 — Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы фольклорлық кабинет.
2013–2014 — Астана қаласындағы музыка мектебі, домбыра пәнінің оқытушысы.
2014–2015 — kazaitys.kz және namys.kz модератор.
2015–2018 — Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы ғылыми-зерттеу институты, ғылыми қызметкер.
2019–2022 — «Күйшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2022 жылдан бастап — «Otuken» мәдениетті дамыту қоры.
